ҚР Үкіметінің отырысы, 29.08.2023

29 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Үкіметінің отырысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024-2028 жылдарға арналған болжамы, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет пен Ұлттық қордан берілетін трансферттердің параметрлері қаралды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы экономиканың нақты секторында өңдеу өнеркәсібін дамытуға, бизнесті қолдауға, көлік инфрақұрылымын дамытуға және газдандыруға басымдық берілетінін айтты. Жалпы аталған салаларға 2024 жылы 2,8 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Ұсынылған құжаттар бойынша дауыс беру рәсімінен кейін Әлихан Смайылов заң жобаларын және Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ҚР Парламентіне енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

— Сонымен қатар Үкімет отырысында еліміздің геология саласын дамыту мәселелері қаралды. Өз кезегінде индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Азамат Бейспеков тақырыпқа қатысты баяндама жасады. Сонымен қатар энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көмірсутек көздерін барлау саласында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин геология және жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру барысы туралы баяндады. 

— Премьер-Министр ресурстық базаны ұлғайту, сирек кездесетін және сирек жер металдар негізінде жоғары технологиялық өнімдер өндірісін ұйымдастыру үшін Жол картасын әзірлеуді, 2 ай мерзімде заманауи технологиялық шешімдерді пайдалана отырып, газды кен орындарының тарихи деректеріне талдау жүргізуді, жыл соңына дейін ғылыми база мен инфрақұрылымға талдауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу