ҚР Үкіметінің отырысы, 30.12.2025

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.

2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының қорытындысы және 2026 жылға арналған жоспарлар қаралды, сондай-ақ еліміздің ұлттық командаларының ХХV қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы қаралды. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев және туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндама жасады. 

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының толық көлемде орындалғанын баяндады. 22 заң жобасының 3-уіне Мемлекет басшысы қол қойды, 5-уін Парламент қабылдады, 14-і Парламенттің қарауына енгізілді. 2026 жылға мемлекеттік мүлік мәселелері, онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері және мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру мәселелері қамтылған барлығы 12 заң жобасын әзірлеу көзделген.

Премьер-министр әрбір заң жобасының сапалы әзірленуі және олардың уақтылы енгізілуі маңызды екенін атап өтті.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Милан және Кортина-Д'Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындық барысы туралы баяндады. Ұлттық команда спорттың 10 түрінен 58 медаль жиынтығы бойынша бақ сынасады.

Премьер-министр соңғы үш жылда спортты дамытуға бюджеттен 360 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін атап өтті. Ол әлемнің басты байрақты бәсекелерінде бүкіл ұлтымыздың абыройын қорғау —еліміздің халықаралық имиджін нығайту ісінде өте маңызды рөл атқаратынын баса айтты.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу