ҚР Үкіметінің отырысы, 31.01.2023

 

31 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

– Отырыста кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді іске асыру барысы қаралды. Бұл тақырып бойынша ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов баяндама жасады. 

– Премьер-Министр бизнеске қойылатын артық талаптарды жою бойынша заңнамалық өзгерістердің уақытылы қабылдануын қамтамасыз ету, заңға тәуелді актілерге тиісті түзетулер енгізуді жылдамдату және бірінші жартыжылдықтың соңына дейін мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру жұмысын аяқтау қажеттігін айтып өтті.

– Отырыс барысында 2022 жылдың ІІ жартыжылдығында орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу қорытындылары қаралды. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндама жасады.

Премьер-Министр азаматтарды толғандыратын сұрақтар негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, сондай-ақ баға мәселесіне қатысты екенін атап өтті

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу