Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №58

2023 жылғы 20-26 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 21 ақпанда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары С. Чакрабартимен кездесті.

  • Сәрсенбі, 22 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және бірқатар өңірді газдандыру мәселелері қаралды. Үкімет басшысы бірінші мәселені талқылап, екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша тапсырма берді.

  • Бейсенбі, 23 ақпанда экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Мұнай өнімдерін өндіру саласында және жолаушылар авиатасымалдау нарығында монополияға қарсы жаңа шараларды іске асыру бойынша ұсыныстар талқыланды.

  • Үкіметте осы күні Әлихан Смайылов Республикалық маңызы бар автожолдарды одан әрі дамыту жөнінде кеңес өткізді.

  • 24 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі В. Скиннаримен кездесу өткізді

  • Сол күні Үкімет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды.

  • ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов жұмыс сапары аясында өңірдің көлік-логистикалық және агроөнеркәсіптік әлеуетін дамытумен танысты.

  • Сондай-ақ Үкімет басшысы жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарының қызметімен танысты.

  • ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен 25 ақпан күні Талдықорғанда Жетісу облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша кеңес өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу