Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №60

2023 жылғы 6-12 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі, 7 наурызда, Ә. Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты.

  • Сол күні ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік және оқу процесін цифрландыру, гендерлік теңдікті сақтау, жұмыспен қамту және әйелдер денсаулығы мәселелері қаралды. Бірінші мәселе бойынша Премьер-Министр балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Үкімет басшысы осы жылдың 1 сәуіріне дейін мектептерді тиісті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар Премьер-Министр оқушыларды электрондық оқулықтармен қамтамасыз етудің маңызын айтты. Үкімет басшысы оқу процесін цифрландыру жөніндегі Жол картасын қабылдау керектігіне тоқталды. Онда оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру, мектептерді интерактивті жабдықтармен қамтамасыз ету, заманауи білім беру технологияларын енгізу жөніндегі шаралар көзделуі тиіс. Екінші мәселені талқылау бойынша Үкімет басшысы кәсіпкер әйелдердің жобаларын қаржыландыруды кеңейту, оларды капиталды көп қажет ететін жобаларға, мысалы, өңдеу өнеркәсібіне тарту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар Үкімет басшысы әкімдіктер Өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында әйелдерді нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейту бойынша шаралар қабылдауы керектігін айтты.

  • Премьер-Министр 27 қаңтарда Шымкентке жұмыс сапары аясында берілген тапсырмаларды орындау жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске қатысушылар «Сайрам» елді мекенінде сумен жабдықтау объектілерін, Алматы тас жолы бойындағы «Тұран» магистральдық кәріз коллекторын салу және қаланың көлік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін талқылады. 

  • Бейсенбі, 9 наурызда, Әлихан Смайылов еліміздің тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Қатысушылар ​​Шығыс Қазақстан облысында қуатты жылына 300 мың тонна катодты мыс балқыту зауытын салу жоспарларын талқыланды. 

  • Жұма, 10 наурызда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Алматы қаласына барып, онда өндіріс нысандарының жұмысымен және құрылысымен танысып, шағын өнеркәсіп парктері мен қаладағы индустриялық аймақ резиденттерімен кездесу өткізді, сондай-ақ Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығы мен Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы құрылысының барысымен танысып, «CHAMPION» жаңа спорт кешеніне барды.

  • Сенбі, 11 наурызда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Үкімет басшысы соңғы бірнеше жылда Қазақстанның фармацевтика саласы тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті: шығарылатын препараттардың ассортименті кеңейіп, көлемі ұлғаюда. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу