Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62

2023 жылғы 20-26 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі, 20 наурызда, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерінің тиімділігін арттыру шараларын іске асыру жөнінде кеңес өтті. Әлихан Смайылов шекаралық бақылау-өткізу бекеттеріндегі электрондық кезекті қалыптастыру тәсілдерін қайта қарауды және оңтайландыруды тапсырды. 

  • Бейсенбі, 23 наурызда, Премьер-Министр Қазақстанның энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Талқылауға Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшылары қатысты. Олар ірі халықаралық инвесторларды тарту, жаңа энергия өндіруші қуаттарды (жылу, электр энергиясы) іске қосу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жоспарларды талқылады.

  • Жұма, 24 наурызда, цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, онда азаматтар мен бизнес үшін бірқатар жаңа цифрлық сервисті іске қосу, сондай-ақ «Электрондық Үкіметтің» архитектурасын жаңғырту мәселелері қаралды.

  • Әлихан Смайылов Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабын өткізді, онда проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін министрліктер, әкімдіктер мен ұлттық компаниялар арасындағы үйлестіруді күшейтудің маңызы атап өтілді. 

  • Осы кеңесте су тасқыны кезеңіне қатысты ахуал қаралды. Премьер-Министр су тасқыны проблемасын бекітілген су тасқынына қарсы іс-шараларды және тиісті Жол картасын іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл арқылы кешенді түрде шешу қажеттігін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу