Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №55

2020 жылғы 30 наурыз бен 4 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті.  Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекітті.
  • Бейсенбі күні, 2 сәуір күні Үкіметтің селекторлық отырысында Қазақстан Республикасының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2020 жылға арналған республикалық бюджеті, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 31 наурыздағы тапсырмаларын іске асыру аясындағы дағдарысқа қарсы шаралардың қосымша топтамасы қаралды. Асқар Мамин басым міндет жұмыспен қамту екенін атап өтті.  
  • Жұма күні Мемлекеттік комиссия отырысында коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында қызметі екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күшіне енген жұмыссыз режимді осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар Мемлекеттік комиссия Шымкент қаласы әкімінің биылғы 4 сәуір күнгі сағат 21:00-ден бастап қалада карантин енгізу туралы ұсынысымен келісті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу