Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №29

2019 жылғы 9–14 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары 

  • Жұма күні, 13 қыркүйекте, Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды. Нұрсұлтан Назарбаевқа «Экспо-2017» көрмесінің мұралары және АХҚО құқықтық жүйесін дамыту бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат ұсынылды.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданып, 2019 жылғы қаңтар–тамыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды.

  • 10 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) Директорлар кеңесінің мүшелерімен кездесіп, Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың келешегі мен қазіргі жағдайын талқылады.

  • 11 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапары барысында А. Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың қысқа уақыт ішінде Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды жылдам қалпына келтіру бойынша тапсырмасын орындау аясында қалада жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді, сондай-ақ Түркістан қаласының әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы нысандарының құрылыс алаңдарын көрді.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру дәрежесін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында отын-энергетикалық кешендегі инвестициялық тартымдылықты арттырудың негізгі көрсеткіштері талқыланды.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қауымдастықтың басқарма Кеңесінің төрағасы, «Eksen» компаниясының иесі Ф. Девелиоглуның жетекшілігімен Түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Екі ел арасындағы бизнес құрылымдардың өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту және Қазақстанда жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

  • Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен ҚР Экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті.

  • Өткен аптада Үкімет алаңында ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтановтың қатысуымен ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтті. Министр Электрондық коммерцияны дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған жол картасы, жосықсыз импортпен күрестің қабылданып жатқан шаралары, сондай-ақ, «QazTrade» бір терезесін құру туралы айтып берді. 

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу