Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №33

2019 жылғы 7-12 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 2019 жылғы 8 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы одан әрі дамыту жөнінде жиын өтті. Мемлекет басшысы ҚР Үкіметіне бірқатар нақты тапсырма берді.

  • Бейсенбі күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Моңғолияның Премьер-Министрі Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесті.

  • Сол күні Үкімет үйінде үкіметаралық келіссөздер өткізілді. Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен бірқатар құжатқа қол қойылды.

  • Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин мен Моңғолия Премьер-Министрі У. Хурэлсух Қазақстан-Моңғолия бизнес форумының ашылуына қатысты.

  • Форум аясында Қазақстан мен Моңғолияның іскерлік орталарының өкілдері екі елдің Үкіметтер басшыларының қатысуымен 8 құжатқа қол қойды.

  • Қазақстан мен Моңғолияның Үкімет басшылары «Астана» халықаралық қаржы орталығына барып, онда биржаны, сот пен халықаралық арбитраж орталығын дамыту жұмыстарымен танысты.

  • ҚР Үкіметінің кезекті отырысында атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру және азаматтық авиацияны дамыту мәселелері қаралды. Премьер-Министр өңірлерде АӘК берудің жаңа тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды, сондай-ақ, отандық әуежайларда шетелдік авиакомпаниялар үшін «ашық аспан» режимін ұсыну жұмысын белсенді жүргізуді тапсырды.

  • Сейсенбі күні Асқар Мамин Беларусь бірінші вице-премьері Александр Турчинмен кездесті. Тараптар екі жақты қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

  • 2019 жылғы 10 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қалалық туризм бойынша VIII жаһандық саммиттің ашылуына қатысты. Форумның ашылу салтанатында Асқар Мамин Қазақстанның туристік секторы соңғы 10 жылда орта есеппен 7%-ға өскенін атап өтті.

  • Үкімет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) бас хатшысы З. Пололикашвилимен кездесу өткізді, онда қалалық басқару, туризмді және «ақылды қалаларды» дамыту, Қазақстан қалаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

  • Осы аптада ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына барды, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел өңірлеріне жұмыс сапарлары аясында берген тапсырмаларын іске асыру барысын тексерді. ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрақты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында бастамашы болған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын орындауға баса көңіл бөлінді.

  • Сенбі күні Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қ. оңтүстік-батыс айналма жолын салу мәселелері жөніндегі көшпелі кеңес өткізді.

  • Премьер-Министр Нұр-Сұлтан қаласында республикалық ағаш отырғызу науқанына қатысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу