24 Маусым 2019, 17:32
20 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты, оның барысында Үкіметтің 2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебі қабылданды.
Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері, сондай-ақ
Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы қаралды.
Жұма күні, 21 маусымда Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ташкент қаласына барды, онда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылдың барлық спектрлері бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Дәл осы күні ҚР Премьер-Министрі ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша XVIII Бірлескен үкіметаралық комиссия отырысына қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша Бірлескен Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин мен Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов тиісті Хаттамаға қол қойды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу