А. Маминнің Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

2019 жылғы 8-9 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына барды.

  • Қазақстан Премьер-Министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел өңірлеріне жұмыс сапарлары аясында берген тапсырмаларын іске асыру барысын тексерді. ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрақты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында бастамашы болған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын орындауға баса көңіл бөлінді.

  • Семей қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қала активімен Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мәселелері, сондай-ақ Абайдың 175 жылдығын атап өтуге дайындық жөнінде кеңес өткізді. 

  • А. Мамин «СемАз» ЖШС және «Daewoo Bus Kazakhstan» автомобиль құрастыру кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

  • Үкімет басшысы «Қарағайлы» ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің және «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің құрылысын қарады. 

  • Өскеменде Премьер-Министр қатерлі ісік ауруларын мамандандырылған емдеудің түрлі түрлері жүзеге асырылатын Шығыс Қазақстан облыстық көпбейінді «Онкология және Хирурги орталығына» барды.

  • Роботтандырылған хирургия, ангиохирургия және трансплантология орталығында Асқар Маминге өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру нәтижелері туралы баяндалды.

  • Асқар Мамин ШҚО әкімінің Ведомствоаралық ситуациялық және инвестициялық орталығына барды. Нысан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ашылған және биылғы 15 шілдеде пайдалануға берілді.

  • Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында Премьер-Министр индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында әлемдегі ең ірі игерілмеген мыс кен орындарының бірі ‒ Ақтоғай кенішін игеріп жатқан «KAZ Minerals Aktogay» кәсіпорнының жұмысымен танысты. 

  • Шығыс Қазақстан облысында Асқар Мамин «Өскемен ‒ Талдықорған» автожолын салу жобасының іске асырылу барысымен танысты. 

  • Алматы облысында ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Өскемен ‒ Талдықорған», «Үшарал ‒ Достық» жобаларын іске асыру жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

  • Қарағанды облысында «Қарағанды – Балқаш» автожолының учаскесіндегі жұмыстар тексерілді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу