А. Маминнің ТМД Үкімет Басшыларының Кеңесі және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстарына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест

2019 жылғы 25 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырыстарына қатысты, сондай-ақ, РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесу өткізді.

  • Үкімет басшылары кеңесінің отырысы шағын және кеңейтілген құрамдарда өтті.

  • Үкімет басшылары шағын құрамда ТМД форматындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

  • Кеңейтілген форматтағы отырыста Достастыққа мүше мемлекеттердің қоғамды цифрлық дамыту саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасына және оны іске асырудың бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарына, сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясына баса көңіл бөлінді.

  • Отырыс қорытындысы бойынша Достастық елдерінің стандарттау, ветеринария, монополияға қарсы реттеу, радионавигацияны дамыту, уран өндірісі салдарына ұшыраған мемлекеттердің аумақтарын қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастығын реттейтін бірқатар құжаттар қабылданды.

  • Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы да дәстүрлі түрде шағын және кеңейтілген форматтарда өтті.

  • Отырысқа қатысушылар қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуының аралық қорытындыларын шығарып, алдағы жұмыстың бағыттарын анықтады.

  • А. Мамин ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту бойынша нақты шараларды қабылдауға, дәрі-дәрмектер нарығында бәсекеге қабілетті жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар әзірлеуге шақырды.

  • ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша Сербия Республикасымен Еркін сауда аймағы туралы келісімді қоса алғанда, бірқатар құжатқа қол қойылды.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Д. Медведевпен кездесті, онда сауда-экономикалық өзара іс-қимылды, транзиттік-көлік және өнеркәсіптік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу