05 Тамыз 2019, 11:14
2 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласының залал келтірілген үйлерін, әлеуметтік нысандарын, инженерлік желілерін салу және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ, Түркістан қаласындағы әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи маңыздағы салынып жатқан нысандарды аралады.
ҚР Үкіметінің басшысы әскери қалашықтың тұрғын бөлігін аралап, И. Журба атындағы мектептің, қалалық емхананың, темір жол вокзалының, тұрғын үйлердің қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелерімен танысты.
ҚР Премьер-Министрі Арыста қаланы қалпына келтіру және құрылыс-жөндеу жұмыстарының қорытындысын шығару жөнінде кеңес өткізді.
Асқар Мамин Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында салынып жатқан тарихи-мәдени орталықтың құрылыс алаңына барып, «Ұлы дала Елі» орталығы, Қ. А. Яссауи музейінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің ұлттық орталығының ғимаратын, визит-орталықты реконструкциялау, Шығыс моншасын, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананы салу барысын тексерді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу