Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №117

2021 жылғы 14-20 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Бейсенбі күні, 17 маусымда Мемлекет басшысы газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Президент саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға баса мән беруді тапсырды. Үкіметке газ өндіру саласына инвестиция тарту жолдарын іздестіру жөнінде тапсырма берілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазТрансГаздың» ұлттық газ компаниясына айналатынын және геологиялық барлаудан бастап дайын өнім шығаруға дейінгі бүкіл жұмыстарды атқаратынын жеткізді. 

  • 15 маусымда Премьер-Министрдің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Отырыста санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен халықты вакциналаудың сақталуына назар аударуды, «Ashyq» қосымшасын енгізуді жалғастыруды, ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды. Экологияны жақсарту туралы екінші мәселе бойынша Премьер-Министр автопаркті жаңарту шараларын іске асыруды жалғастыруды, отын сапасы мен шығарындылар көлеміне бақылауды күшейтуді, электр көлігі санының өсуін ынталандыруды, атмосфераға шығарындыларды азайту мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін ОҚТ бойынша анықтамалықтар әзірлеуді қамтамасыз етуді, ҚТҚ үшін полигондардың үлгілік жобасын әзірлеуді тапсырды. Үшінші мәселені қарау барысында А. Мамин жұмыс берушілер үшін еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестікті өзін-өзі бақылау бойынша онлайн-платформа әзірлеуді, қауіпті өндірістік объектілердегі апаттылықты азайту жөніндегі ЖК бекітуді, кәсіпорындармен өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасасу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

  • Жұма күні Асқар Мамин Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Отырыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту және ҚР-ның төмен көміртекті экономикаға көшуі мәселелері қаралды.

  • 19 маусымда ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ұлттық нейрохирургия орталығында болып, жаңа радиология және радиохирургия бөлімшесінің жұмысымен танысты. Үкімет басшысына Швецияда шығарылған заманауи «Гамма-пышақ»  кешені таныстырылды.

  • Жексенбі күні Үкімет басшысы «Астана медицина университеті» КЕАҚ жанындағы Біріккен университет ауруханасының құрылыс алаңында болды. А. Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттары таныстырылды, оларды бес жыл ішінде МЖӘ аясында елде 20 ірі көп бейінді аурухана салу арқылы іске асыру жоспарланып отыр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу