Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137

2021 жылғы 8-14 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Бейсенбі күні, 11 қарашада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын мақұлдады. Аталған құжатта Қазақстан экономикасының нақты секторында инфрақұрылымдық, экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын жобаларды іске асыруда инвестицияны ұлғайту қарастырылған.
  • А. Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, 2021 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарының жобасы және 2021 жылғы ұлттық халық санағының аяқталуы қаралды. Бірінші мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрі егу пункттерінің, медициналық ұйымдардың және медицина қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды. Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеуді, отандық өндірісті қолдауды қамтамасыз етуді, инвестиция тартуды, экспортты ілгерілетуді, халықтың жұмыспен қамтылуын сақтауды және тұрақты жұмыс орындарын құруды тапсырды. Үшінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы заң жобаларының сапасын және олардың Парламентке уақытылы енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Төртінші мәселені қарау қорытындысы бойынша А. Мамин қазақстандықтарға ұлттық санаққа белсенді қатысқан үшін, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері мен осы науқанға жұмылдырылған азаматтарға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
  • Сейсенбі күні, 9 қарашада ҚР Премьер-Министрі инвестициялық штаб отырысын өткізді, онда жаңартылатын энергия көздері және денсаулық сақтау салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы қаралды.
  • Бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапары аясында Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді.
  • Жұма күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысты. Премьер-Министр АӨК өнімдерін бірлесіп өндіру және оны сыртқы нарықтарға шығару жұмысын күшейтуді ұсынды.
  • Сенбі күні ҚР Премьер-Министрі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету, сондай-ақ инфляцияның жалпы деңгейін 8,5% шегінде ұстап тұру бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.
  • Дәл осы күні Асқар Мамин Дүниежүзілік Банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша вице-президенті Анна Бьердемен кездесу өткізіп, Дүниежүзілік Банк пен ҚР Үкіметінің көміртекті бейтараптық мақсаттарына қол жеткізу үшін экономиканың базалық салаларын жаңғыртуға инвестициялар тарту мәселелері бойынша пікірсайыс сессиясына қатысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу