Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №28

2022 жылғы 25-31 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

• Сейсенбі, 26 шілдеде, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері (ТХКБ) жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында маршрутта ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ «тар» жерлерді синхронды жою және маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ТХКБ-ның басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

• Осы күні Үкімет басшысы Honeywell компаниясының басшылығымен – өсу қарқыны жоғары жаһандық өңірлер бойынша президент Бен Дриггспен және Түркия, Израиль және Орталық Азиядағы қарқынды өсу өңірлері бойынша президент Уйгар Доюранмен кездесу өткізді. Тараптар экономиканы декарбонизациялау, өнеркәсіпке заманауи жасыл технологияларды енгізу мәселелерін, сондай-ақ Honeywell-дің елімізде жаңа жобаларды іске қосу жөніндегі жоспарларын талқылады.

• Сәрсенбі, 27 шілдеде, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды, оның ішінде Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара тауар айналымының номенклатурасын кеңейту жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған жол картасы бар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу