Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №30

2022 жылғы 8-14 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары 

  • Дүйсенбі, 8 тамызда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске қатысушылар арнайы экономикалық аймақ құру, қала құрылысы құжаттарын әзірлеу шараларын және инвестициялық резидент мәртебесін беру мәселелерін қарады.
  • 9 тамызда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысы мәселесі қаралды. Сонымен қатар Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының 2022 жылдың І жартыжылдығындағы халықпен кездесулерінің қорытындылары қаралды
  • Бейсенбі, 11 тамызда, Үкімет басшысы машина жасауды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев өз баяндамасында 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша машина жасау өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға (ақшалай баламада) өскенін хабарлады. «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы М. Пішембаев отандық өндірісті қолдаудың бірқатар бағыттары бойынша сала өкілдерінің ұсыныстарын айтты. 
  • Осы күні Әлихан Смайылов Al Badie Group for Trading and Investment (ABG) компаниясының бас директоры Халед Мохамед Аль Бадимен кездесу өткізді, онда автомобиль жолдарын салу саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды. ABG компаниясы еліміздегі ірі автожол жобаларын, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жаңғыртуды қаржыландырып, оларды жүзеге асыруға ниет білдірді. 
  • Сонымен қатар бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда қант нарығындағы монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды. Бұл ретте елде өндірілген қанттың негізгі көлемін (шамамен 90%) ірі көтерме жеткізушінің сатып алғаны атап өтілді, оның іс-әрекеттерінен тауарды айналымнан алып қою белгілері байқалып отыр, соның салдарынан қант бағасы көтерілген.
  • Сенбі, 13 тамызда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Нұр-Сұлтандағы жаңа өндірістік және әлеуметтік нысандар құрылысының барысымен танысты. Үкімет басшысы «Астана Технополис» АЭА аумағындағы «YDA Industrial Park» көпбейінді зауытының құрылыс алаңына барды. Сонымен қатар Үкімет басшысы 1200 орындық жаңа жалпы білім беретін мектеп құрылысының барысымен танысты, сондай-ақ Ә. Бектұров көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысына барды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу