Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №32

2022 жылғы 22-28 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі, 23 тамызда, ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Отырыс барысында «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру барысы және жем-шөппен қамтамасыз ету және егін орағы науқанына дайындық мәселелері қаралды. 

  • Осы күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов құрылыс саласын реформалау және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • 24 тамызда ҚР Премьер-Министрі Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесу өткізді. 

  • Сондай-ақ сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрі отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді, онда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері қаралды.

  • Бейсенбі, 25 тамызда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен келді. Шағын құрамда отырысқа қатысушылар ЕАЭО ортақ газ нарығын қалыптастыру, өнеркәсіп кооперациясы, алкоголь нарығын реттеу және электрондық сауда кезінде салық салу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі делегация басшыларымен бірге Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесуге қатысты.

  • Шолпан-Атаға жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен екіжақты келіссөз жүргізді.

  • Осы күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесу өткізді. 

  • Жұма күні, 26 тамызда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар бірқатар көпжақты құжаттарға қол қойды.

  • Сенбі, 27 тамызда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда Қазақстанның 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі заң жобалары және қант саласын дамыту мәселесі қаралды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу