Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №38

2022 жылғы 3-9 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі, 4 қазанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесін енгізу мәселесі қаралды. Әрі қарай екінші мәселе ретінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

  • Келесі күні Әлихан Смайылов Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесті. Тараптар еліміздегі миссия жұмысының қорытындыларын, сондай-ақ ҚР Үкіметінің инфляцияға қарсы күрес, салықтық әкімшілендіру мен бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру шараларын, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және басқа да мәселелерді талқылады.

  • 5-6 қазанда Мәскеуде екінші Каспий экономикалық форумы өтті, оған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты. Үкімет басшысы Форумның пленарлық отырысына қатысып, өңіраралық сауданың әлеуетін толық ашу үшін өңірдің көлік байланысын жақсарту қажет екенін атап өтті. Оған қоса, Әлихан Смайылов Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы жүк тасымалын кеңейту үшін Транскаспий халықаралық көлік маршрутын одан әрі дамыту және кедергілерді бірлесіп еңсеру қажеттігін мәлімдеді.

  • Одан кейін Мәскеудегі екінші Каспий экономикалық форумы алаңында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Иранның Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбер екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.

  • Сол күні Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйін, өнеркәсіп және мұнай-газ салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

  • Сенбі, 8 қазанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Премьер-Министр қазіргі уақытта биылғы егіннен жиналған көкөніс өнімдерінің бағасы төмен екенін атап өтті. Осыған байланысты өңірлердің әкімдері тұрақтандыру қорларын белсенді түрде толықтыруы қажет. Сонымен қатар ол әкімдерге жұмыспен қамту мәселелерін және жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету жөніндегі шараларды бақылауды күшейтуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу