Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №4

2022 жылғы 31 қаңтар-6 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 1 ақпанда Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Үкіметке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қаржы мониторингі органдарымен бірлесіп, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын реттеу тәсілдерін, соның ішінде осы саладағы мемлекеттік бақылау жүйесін түбегейлі өзгерту тапсырылды.
  • Сейсенбі күні Үкімет отырысы өтті. Бірінші мәселе бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. ҚР ДСМ басшысы А. Ғинияттың айтуынша, өңірлердің көпшілігі «қызыл» аймақта қалып отыр. Аурудың ең көп өсімі Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Екінші мәселе ретінде тұрғын үй саясаты мен тұрғын үйге жалдау ақысын субсидиялаудың жаңа тәсілдері қаралды. Сондай-ақ, отырыста білім мен ғылымды дамытудың жаңа тәсілдері қаралды.
  • Дүйсенбі күні, 31 қаңтарда  Әлихан Смайылов Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Экология, геология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің басшылығымен Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңестер өткізді
  • Дәл осы күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚХР-дың ҚР-дағы елшісі Чжан Сяомен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, АӨК, «жасыл экономиканы» дамыту, цифрландыру, трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану және т. б. салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
  • 2 ақпанда Үкімет басшысы инвестициялар тарту бойынша 2021 жылы нысаналы индикаторлардың орындалу қорытындысы және 2022 жылға арналған жоспарлар жөнінде Инвестициялық штаб отырысын өткізді. 2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13,2 трлн теңгені құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 7,3%-ға артық. Инвестициялар өсімінің негізгі локомотивтері экономиканың шикізаттық емес секторлары болды. 
  • Дәл осы күні Премьер-Министр «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ басшысы Вагит Алекперовпен кездесу өткізді. Тараптар көмірсутек шикізатын барлау, өндіру және тасымалдау, сондай-ақ мұнай және газ өңдеу салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың жай-күйі мен перспективасын талқылады.
  • Сондай-ақ 2 ақпанда Ә. Смайылов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ұжымына Директорлар кеңесінің шешімімен сайланған басқарманың жаңа төрағасы Қанат Шарлапаевты таныстырды. Премьер-Министр Холдингтің жаңа басшысы Қанат Шарлапаевты таныстыра отырып, оның әлемдегі ірі инвестициялық банктердің бірі – «Сити» құрылымдарындағы үлкен басқарушылық жұмыс тәжірибесін атап өтті.
  • ҚР Премьер-Министрі «Шеврон» компаниясының өндіру мәселелері жөніндегі вице-президенті Джеймс Джонсонмен келіссөз жүргізді. Кездесуде «Теңізшевройл» (ТШО) Болашақта кеңейту жобасын және Сағалық қысымды басқару жобасын іске асыру, Қарашығанақ жобасын кеңейту және Каспий құбыр консорциумының қуатын арттыру перспективасы талқыланды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу