Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №43

 

2022 жылғы 7-13  қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

  • 10 қарашада ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысына қатысты. Онда «2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы», «Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы» және алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Заңдар қаралды.

  • Осы күні Парламент Сенатында брифинг өтті, оның барысында Үкімет басшысы журналистердің елдің өндірістік кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Каспий Құбыр консорциумын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы сұрақтарына жауап берді.

  • Дүйсенбі, 7 қарашада, Премьер-Министр Ә. Смайылов білім беру саласының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесте оқытудың сапасын жақсартудың жаңа тәсілдері, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білім беру ұйымдарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету, педагог-ассистенттердің арнайы штаттарын енгізе отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін балабақшалардың қолжетімділігін кеңейту, мектеп педагогтерін Жаппай оқыту қоры бойынша төлемдерді белгілеу бөлігінде кәсіби құзыретіне жатпайтын функциялардан босату, сондай-ақ сондай-ақ басқа да бірқатар бастамалар қаралды.

  • 11 қарашада Үкімет басшысы Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакировпен кездесті.

  • 7 қарашада Премьер-Министр Ә. Смайылов Шарм-эш-Шейх қаласында (Мысыр) өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның Әлем көшбасшылары саммитінде сөз сөйледі. Әлихан Смайылов өз сөзінде Қазақстан климат жөніндегі Париж келісімінің мақсаттары мен міндеттерін берік ұстанатынын Қазақстан климаттық күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымы бойынша барлық халықаралық серіктестермен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін атап өтті.   

  • Осы күні Саммит аясында Қазақстан үкіметінің басшысы Еурокомиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесті. Кездесу аясында Қазақстан мен Еуропалық Одақ тұрақты шикізат, батареялар және «жасыл» сутек құны тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік бойынша өзара түсіністік туралы меморандум бекітті.

  • 8 қарашада COP 27 саммиті аясында Премьер-Министр Ә. Смайылов Fortescue Future Industries компаниясының басшысы Эндрю Форрестпен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Үкіметі мен Fortescue Future Industries компаниясы еліміздің бірнеше өңірінде, соның ішінде Атырау және Маңғыстау облыстарында «жасыл» сутегі өндіру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы Негіздемелік келісім жасасты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу