Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №44

2022 жылғы 14-20  қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптаның басты оқиғасы 20 қарашадағы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы болды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өз таңдауын жасап болғаннан кейін Үкімет басшысы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

  • 15 қарашада ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Биылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасы қаралды.

  • Бірінші мәселені қарастыру қорытындысы бойынша Үкімет басшысы экономиканы әрі қарай әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ  азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Екінші мәселе бойынша Ә. Смайылов өрттің алдын алу бойынша жұмысты нақты үйлестіруді қамтамасыз етуді, әлеуметтік объектілердің жұмысын ерекше бақылауға алуды, сұйытылған газды сату кезінде талаптарды қатаңдату жөнінде шаралар қабылдауды, сондай-ақ халықпен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Үшінші мәселені қарау нәтижесі бойынша Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасы мақұлданды, оған сәйкес келесі жылы мемлекеттің басым міндеттерін орындауға бағытталған 34 заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр.

  • 16 қарашада Үкімет басшысы Skoda Transportation компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дидье Пфлегермен кездесу өткізді. Skoda Transportation компаниясымен өзара тиімді жаңа жобаларды әзірлеу мәселелері талқыланды.

  • 17 қарашада Қазақстандағы ең ірі теміржол жобасы басталды. Қарағанды облысында Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдар салынбақ. Жұмыстарды іске қосу рәсіміне телекөпір режимінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты.

  • 19 қарашада Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу