Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №49

2022 жылғы 19-25 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Сейсенбі, 20 желтоқсанда, ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда республиканың энергетикалық объектілері мен жылу желілерін тексеру барысы, сондай-ақ елдің Геологиялық саласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды. Бірінші мәселе бойынша Үкімет басшысы желілердің жай-күйін сапалы тексеруді және электр станцияларын техникалық тексеруді келесі жылдың 1 тоқсанында аяқтауды тапсырды. 2023 жылы Қазақстанда жылумен жабдықтау желілерін жөндеу бойынша ауқымды бағдарлама басталады. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Үкімет пайдалы қазбаларды барлауға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беретін 2023-2027 жылдарға арналған геологиялық саланы дамыту тұжырымдамасының жобасын мақұлдады.

Сәрсенбі, 21 желтоқсанда, Үкімет басшысы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Онда өнеркәсіп саласындағы активтерді мемлекет меншігіне қайтару және жүк т/ж қызметтерін көрсетудің жекелеген салаларын демонополизациялау жөніндегі шаралар талқыланды. 

Осы күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесу барысында инвестициялар тарту және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады

Сонымен қатар, сәрсенбі күні, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстандағы орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен дипломатиялық корпус, БҰҰ және БҰҰДБ өкілдерінің қатысуымен Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) жөніндегі үйлестіру кеңесінің 6-отырысын өткізді. Отырысқа қатысушылар биылғы ведомствоаралық жұмыс топтары қызметінің қорытындысын, Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ТДМ бойынша БҰҰ өңірлік хабын ашу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысын қарады, сондай-ақ ОДМ-ды іске асырудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын мақұлдады.

Бейсенбі, 23 желтоқсанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Онда моноқалалардың проблемаларын шешудің жаңа тәсілдері мен оларды дамыту жөніндегі жоспарлар бекітілді.

Осы күні Үкімет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысып, өзекті проблемалық мәселелерді шешу және негізгі инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысадарды аралау жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.

Сондай-ақ жұма күні Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қызылордада 67 МВт электр қуаты мен 341 Гкал/сағ жылу энергиясын өндіретін ЖЭО-да болды. Сондай-ақ ол оңтүстік өңірлерді үздіксіз қуат көздерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жалпы қуаттылығы 240 МВт және 277 Гкал/сағ болатын жаңа жылу электр орталығының құрылыс жобасымен танысты. 

Сенбі, 24 желтоқсанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің цифрлық кеңсесінде кеңес өткізді. Онда инфляцияны төмендету және азаматтарды қолжетімді бағада азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу