Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №56

2023 жылғы 6-12 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары 

  • 6 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен арналған отын-энергетика кешені мен электр энергетикасы саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамаларының жобаларын талқылау жөнінде кеңес өтті.

  • Сейсенбі, 7 ақпанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Бірінші мәселе бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың жаңа тәсілдері қарастырылды. Премьер-Министр тауарлар сатып алынатын және сатылатын көлемдер мен бағаларды ерекше бақылауға алуды және тұрақтандыру қорларынан өнімдерді тек бақылау-кассалық аппараттарды қолданатын сауда объектілерінде сатуды жүзеге асыруды тапсырды. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі екінші мәселені талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бүгінгі таңда ТКШ саласында жедел және сапалы шешуді талап ететін көптеген мәселелер қалыптасқанын айтты. Сонымен қатар Ә. Смайылов кезекте тұрғандарға жалдау ақысын субсидиялау жөніндегі шаралардың тиімділігіне қосымша талдау жүргізуді және нақты ұсыныстар енгізуді, сондай-ақ кезекте тұрғандарға тұрғын үйді сату кезінде мемлекеттік қолдаудың барлық бағыттарын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

  • 9 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демоноплизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Көлік, мұнай өңдеу және инфокоммуникация салаларындағы кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелері қаралды.

  • 10 ақпанда ҚР ішкі істер министрі М. Ахметжанов ұсынған Қоғамдық қауіпсіздікті азаматтық қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын талқылау жөнінде кеңес өтті.

  • Сол күні кеңес барысында Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы  қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша жоба жалпы мақұлданды. Премьер-Министр әкімге айтылған ұсыныстарды ескере отырып, құжатты пысықтауды тапсырды.

  • 11 ақпанда Астанада жабық алаңдағы жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионатының ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты.

  • Сол күні жастар саясаты және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамаларының жобаларын талқылау жөнінде кеңес өтті.

  • 11 ақпанда Премьер-Министр Ә. Смайыловтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Республикалық және жергілікті автожолдарды салу және реконструкциялау мәселелері қаралды.

  • Сонымен қатар сенбіде Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды, энергиямен жабдықтау саласын дамыту және энергия тиімділігін арттырудың  2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобалары талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, құжаттарды пысықтауды және Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу