Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №6

2022 жылғы 14-20 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні, 15 ақпанда, ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов Үкімет отырысын өткізді. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары қаралды.
  • 18 ақпанда Ә. Смайылов Президенттің кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесу өткізді. С. Чакрабартимен ҚР Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын талқылай отырып, ұсынылған реформалар Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізі болып табылатыны айтылды.
  • Дәл осы күні БАӘ-нің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен кездесу өтті. Кездесуде екіжақты келісімдердің іске асырылу барысы және инвестициялар тарту мәселесі талқыланды.
  • 18 ақпанда Үкімет басшысы «Атамекен» ҰКП ІХ съезіне қатысты. Съезде Әлихан Смайылов кірістерді арттыру бағдарламасын әзірлеу, жеке инвестицияларды тарту, адами капиталды дамыту, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәртібі — осы және басқа да мәселелерді көтерді. 
  • Сенбі күні, 19 ақпанда Премьер-Министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өткізді. Өңірлер бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, тұрақтандыру қорларындағы өнім қоры және монополияға қарсы шаралар қаралды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу