Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63

2023 жылғы 27 наурыз бен 2 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 29 наурызда VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуы өтті, онда ҚР Президенті Қ. Тоқаев сөз сөйледі. Сол күні ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес ел Үкіметі ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамын сайлауға байланысты өкілеттігін тоқтатты.
  • Бейсенбі, 30 наурыз күні ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы депутаттарға ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс кандидатураны көпшілік дауыспен мақұлдады және ҚР Президентінің Жарлығымен Ә. Смайылов ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды.
  • 27 наурызда Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов елімізге алғаш рет сапармен келген ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) ҚКП партия комитетінің хатшысы, 20-шақырылымдағы ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ма Синжуймен кездесу өткізді. Тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу