Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68

2023 жылғы 1-7 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 2 мамырда, сейсенбі, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қалалар мен ауылдық елді мекендер тұрғындарын 100% сумен қамтуды қамту жөніндегі шаралар, сондай-ақ Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2022-2024 жылдарға арналған жоспарын іске асыру барысы қаралды. Әлихан Смайылов еліміздегі сумен жабдықтау инфрақұрылымына мониторинг жүргізіп, бір ай мерзімде Үкіметке апат қаупі аса жоғары объектілердің тізбесін енгізуді, осы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстары созылып кеткен барлық ауыз су жобаларының аяқталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ бір ай мерзімде суға жаңа тарифтік саясатты енгізу бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Екінші мәселе бойынша Премьер-Министр нарықтың нақты қажеттілігін ескере отырып, Жаңа көкөніс қоймаларын салу және қолданыстағы қоймаларды жаңғырту бойынша кешенді жоспарды өзектендіруді, барынша қысқа мерзім ішінде субсидиялаудың онлайн-платформасының тиісті жұмысын қамтамасыз етуді, маусым айының соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қажетті өнімдерін сатып алуды, оның ішінде көрші елдерден әкелеуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясының» жұмысын еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін және ӘМАТ бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз етуге бағыттай отырып, қайта құруды тапсырды.

  • 4 мамыр, бейсенбі, Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен TAV Airports холдингінің президенті Серкан Каптан авиация саласындағы ынтымақтастық және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.

  • Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестициялық қызмет, сондай-ақ көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

  • 5 мамыр, жұма, Өзбекстанға жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен Ташкентте өтіп жатқан екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысы қарсаңында келіссөз жүргізді. Тараптар қазақ-өзбек өзара іс-қимылының бірқатар өзекті мәселесін, оның ішінде сауда, өнеркәсіп кооперациясы, инвестициялық қызмет, энергетика, логистика, трансшекаралық су нысандарын пайдалану, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту және т.б. салалардағы бірлескен қадамдарды талқылады.

  • Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтерінің басшылары Әлихан Смайылов пен Абдулла Ариповтың төрағалығымен Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға, оның ішінде Үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысының хаттамасына, оның аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды бекітуге, «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құруды жеделдету жөніндегі жол картасы, Еңбекші-мигранттардың еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау саласындағы практикалық іс-қимылдардың бірлескен жоспарына қол қою рәсімі өтті.

  • Жұма, 5 мамырда, Ташкентте Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін екі елдің үкіметтері белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендігі айтылды.

  • Сенбі, 6 мамырда, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабта 2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте (ШОБ) жұмыспен қамтылғандар санын 4,7 млн адамға дейін жеткізу шаралары қаралды. Үкімет басшысы «артта қалған» өңірлердің әкімдеріне ШОБ-та жұмыспен қамтылғандардың санын арттыру жөніндегі жұмысты жандандыруды, сондай-ақ салалық министрліктермен және «Атамекен» ҰКП-мен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу