Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71

2020 жылғы 27 шілде мен 2 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні Үкіметтің кезекті отырысында эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясымен күрес шаралары, сондай-ақ электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды. 

  • 28 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қызылорда облысын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • Бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссия отырысы өтті, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантиндік шараларды ұзарту және карантиннен кейінгі кезеңге дайындық жөніндегі тапсырмасының орындалу мәселелері қаралды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу