Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71

2023 жылғы 22-28 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

 

  • Бейсенбі, 25 мамырда, Үкімет отырысы өтті. Бірінші мәселе бойынша Абай облысы Бородулиха ауданындағы қазіргі ахуал талқыланды. Ірі табиғи өртті жою туралы облыс әкімі Н. Ұранхаев пен төтенше жағдайлар бірінші вице-министр генерал-майор И. Күлшімбаев баяндады. Екінші мәселе ретінде жазғы каникул кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру және оларды сауықтыру шаралары талқылады.

  • 22 мамырда Астанада Сингапур Президенті Халима Якобтың қатысуымен Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы өтті. Шараға екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарынан 200-ден астам өкіл қатысты. Қорытындысы бойынша сауда, инвестициялар, логистика және мемлекеттік қызметшілерді оқыту салаларында бірқатар құжатқа қол қойылды.

  • 23 мамырда Әлихан Смайылов Дохадағы үшінші Қатар экономикалық форумына қатысты, оның аясында Үкімет басшысы Қатар Әмірімен және Премьер-Министрімен, сондай-ақ Power International Holding төрағасымен кездесті.

  • Сонымен қатар осы аптада орта бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өтті. Осы жұмада Ә. Смайылов Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлерін қабылдады.

  • Ал сенбі, 27 мамырда, Цифлық үкімет кеңсесінде инвестициялық штаб отырысы өтті, онда негізгі капиталға және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту қарқыны қаралды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу