Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №75

2023 жылғы 19-25 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі, 19 маусымда, Үкімет отырысы өтті. Бірінші мәселе ретінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жаңа шаралар қарастырылды. Екінші мәселе ретінде туризм саласындағы қазіргі ахуал және саланы одан әрі дамыту шараларын іске асыру мәселелері қаралды.

  • Сол күні кешке Әлихан Смайылов Астанаға ресми сапармен келген Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді әуежайда қарсы алды.

  • 21 маусымда Ф.-В. Штайнмайер мен Ә. Смайылов Ақтау қаласына қарай ұшты, онда Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институтының құрылысы аясында уақыт капсуласын салу рәсіміне қатысты. Жаңа оқу орны республикада жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және өнеркәсіппен айналысушы инженерлержің жаңа буынын қалыптастыру мақсатында құрылды. Ол Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің базасында жұмыс істейді. 

  • Содан кейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданында «жасыл» сутегі өндіретін зауыт құрылысы аясында бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсімі өтті.

  • Әрі қарай Германияның Федералды Президенті Қазақстан Премьер-Министрімен бірге Құрық портына барып, Орта дәлізді дамыту аясында жаңа көлік-логистикалық жобалармен танысты.

  • Ф.-В. Штайнмайерді әуежайға дейін шығарып салғаннан кейін Әлихан Смайылов Әзербайжанға ұшып кетті.

  • Бейсенбі, 22 маусымда, Бакуге ресми сапары аясында Үкімет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мәселелерін талқылады.

  • Сонымен қатар осы күні Әлихан Смайылов пен Әзербайжан Премьер-Министрі Әли Асадов кездесті. Олар сауда, көлік және логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы сияқты салалардағы өзара іс-қимыл мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Сондай-ақ бірлескен IT-жобалар мен мәдени-гуманитарлық бастамаларды іске асыру жоспарлары қаралды. Қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.

  • Ресми сапар бағдарламасы аяқталғаннан кейін Ә. Смайылов келесі ел – Грузияға қарай ұшты.

  • Мұнда Қазақстан Премьер-Министрі Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізді. Шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулер ҚР Үкіметі басшысының ресми сапары аясында Тбилисиде өтті. Келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің Үкімет басшылары БАҚ алдында мәлімдеме жасады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу