Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79

2023 жылғы 17-23 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі, 17 шілдеде ҚР Премьер-Министрі орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Қатысушылар жоғары білім саласындағы бұрын жеке меншікке өткен кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін талқылады.

  • «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында еліміздің өңірлеріндегі экологиялық ахуалды жақсарту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері қаралды. Премьер-Министр Экология министрлігіне Тұжырымдаманы өзектендіруді жеделдетіп, жобаны 1 желтоқсанға дейін Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырды.

  • Сейсенбі, 18 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ОМО мен ЖАО өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру штабында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Үкімет басшысы үлгілік жобаларды жергілікті жағдаймен байланыстыру, сондай-ақ құрылыс алаңдарына инженерлік коммуникациялар мен жол тарту жұмыстарын жеделдетуді талап етті.

  • Сәрсенбі, 19 шілдеде Әлихан Смайылов пен North Caspian Operating Company N.V. басқарушы директоры Оливье Лазар Қашаған мұнай-газ кен орнын игерудің өзекті мәселелерін талқылады.

  • 20 шілдеде Үкіметте Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Қатысушылар өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру, республиканың көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мәселелерін қарады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу