Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82

2023 жылғы 7-13 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі, 7 тамызда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Астана қаласын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды. Елорда әкімдігіне бөлінген қаржыландыруды пайдалана отырып, барлық инфрақұрылымдық жобада, оның ішінде үлескерлері бар проблемалық құрылыс нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстарының уақытылы аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды. 

  • Сейсенбі, 8 тамызда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бірден 3 мәселе қаралды. Күн тәртібінен тыс Қарағанды ​​облысында орын алған балалардың жаппай улану жағдайы талқыланды. Бұдан әрі алдағы су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, сондай-ақ Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды.

  • 8 тамызда Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабта шағын қалалардағы, аудан орталықтары мен ауылдардағы мектептерді заман талабына сай жаңғырту, білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жабдықтарымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Премьер-Министр 15 тамызға дейін мемлекеттік және жекеменшік мектептердегі бейнебақылау камераларына толықтай инвентаризация жүргізуді тапсырды.

  • Сейсенбі, 8 тамызда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияда теміржол тасымалы және денсаулық сақтау саласындағы кейбір кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару мәселелері қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша басқару тиімділігіне тексеру жүргізу үшін ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім қабылданды. 

  • Бейсенбі, 10 тамызда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бірқатар өндіріс нысандарының құрылысы барысымен танысты. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларымен кездесіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңеске қатысты.

  • Жұма, 11 тамызда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС ірі химиялық кешенінің құрылыс алаңында болып, бірқатар өнеркәсіп нысандарының іске асырылу барысын тексерді, құрғақшылықтан зардап шеккен егіншілермен кездесті. Сапар қорытындысы бойынша өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу