Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82

2020 жылғы 12-18 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 12 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, онда Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен келіссөз жүргізді. Келіссөз қорытындысы бойынша ҚР мен БАӘ үкіметтері арасында инвестиция мәселесіндегі ынтымақтастық жөніндегі құжатқа қол қойылды, бұл құжат $6,1 млрд-қа 21 жобаны жүзеге асыруды көздейді. 
  • Сейсенбі, 13 қазан күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды, сондай-ақ 2020-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет нақтыланды. 
  • 13 қазанда Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. А. Мамин биылғы 9 ай ішіндегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде есеп берді.
  • Бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы қаласына барып, Hyundai маркалы жеңіл автомобильдер өндірісін бастап берді, ЖЭО-2-ны газға ауыстыру тұжырымдамасымен және ҮАААЖ салу барысымен танысты, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру мекемелерін аралады. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу