Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №85

2020 жылғы 2-8 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен кезекті Үкімет отырысы өтті, онда жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі мәселесі және Түркістан қаласының бас жоспарының жобасы қаралды. 
  • 2 қарашада Премьер-Министр коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың селекторлық отырысына қатысты. ВАК шетел азаматтарының мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне, визасыз режимге, сондай-ақ Түркиямен әуе рейстеріне өзгерістер енгізу бойынша бірқатар шешім қабылдады.
  • Сәрсенбі күні, 4 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Магановты қабылдады. Тараптар Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналарын өндіру жобасын іске асыру жөніндегі дайындық жұмыстарының барысын талқылады.
  • 6 қараша күні Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты. ТМД-ға қатысушы елдердің бірлескен туристік жобаларды іске асыру бастамасын көтеріп, ТМД аясында «жасыл» технологияларды дамыту және енгізу бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуді ұсынды. Отырыс қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы бірқатар келісімдер қабылданды.
  • Сенбіде, 7 қараша күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. Ақтау қаласында Асқар Мамин өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мәселелері жөнінде кеңес өткізді, 200 төсек-орындық жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасын, жедел жәрдем машиналары мен жылжымалы медициналық кешендерді аралап көрді. 
  • Дәл осы күні Ақтау курорттық аймағының инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, жаңа қонақ үй-туристік кешендердің құрылысын бастап берді. Кеңестен соң туристік нысандар құрылысының жобалары таныстырылды.      
  • Асқар Мамин отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп қонақ үйлер, гольф-клуб және тақырыптық ойын-сауық саябағының құрылысының тасын салу рәсіміне қатысты
  • 8 қарашада Премьер-Министр жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Өскемен қаласында Асқар Мамин өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді. Үкімет басшысы облыс әкімдігіне коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу