Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87

2023 жылғы 11-17 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі, 12 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті

  • Сейсенбі, 12 қыркүйек күні Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында бірқатар жылу-электр орталығының (ЖЭО) қызметін тексеру қорытындысы қаралды. Премьер-Министр уәкілетті органдарға станцияларда күрделі жөндеу мен модернизациялауды қамтамасыз ету бойынша меншік иелерімен жұмыс жүргізуді тапсырды. Әлихан Смайылов 2023-2024 жылдарға арналған нақты жұмыс кестесін белгілеп, оның орындалуын бақылауды талап етті.

  • Сәрсенбі, 13 қыркүйек күні ҚР Үкіметінің отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің қаңтар-тамыз айларында атқарылуы қаралды. ҚР Премьер-Министрі тұрақты экономикалық өсімге нақты сектор айтарлықтай үлес қосып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ Үкімет отырысында IT-саланы дамыту аясында жаңа міндеттерді іске асыру мәселелері қаралды. Әлихан Смайылов лемдік тәжірибені ескере отырып, венчурлік қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін заңнамаға түзетулер әзірлеуді тапсырды.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 11 тамызда Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде кеңес өткізді. Әлихан Смайылов қырғыз тарапымен бірлесіп, трансшекаралық өзендер бойынша болжалды деректерге сәйкес 2024 жылғы вегетациялық кезеңді өткізу алгоритмін алдын ала әзірлеу қажеттігіне тоқталды.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту және МАЭК-тің алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Премьер-Министр апатты жағдайдағы жабдықты ауыстыру комбинаттың техникалық жағдайын жақсартып, жұмыс қабілетін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Яғни, генерациялық қуат көздерінің өшіп қалуы және тұтынушылар үшін шектеулерді енгізу сияқты тәуекелдер барынша азаяды. Бұдан әрі Үкімет басшысына «Каспий» су тұщыту зауыты» ЖШС директоры Нұрлыбай Аққұлов зауыт өнімділігін тәулігіне 40 мың текше метрге жеткізу жұмыстары туралы баяндады. Премьер-Министр Үкімет тарапынан қажетті қаржылық қолдау көрсетілгенін, енді облыс әкімдігі осы жобаны жыл соңына дейін аяқтау қажеттігін тағы да еске салып, жаңа жылдан бастап халық сумен қажетті көлемде қамтамасыз етілуі тиіс екенін айтты.

  • Сондай-ақ Әлихан Смайылов Ақтау қаласының 17-ші шағын ауданында салынған жаңа Оқушылар сарайының жұмысымен танысты. Ол облыс орталығында, сондай-ақ жақын маңдағы Мұнайлы және Түпқараған аудандарында тұратын 5 000-нан астам баланы тегін қосымша біліммен қамтуға мүмкіндік береді. Премьер-Министр Мемлекет басшысы өзінің Сайлауалды бағдарламасында балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін көтеру үшін кемінде 100 ірі нысан салуды тапсырғанын еске салды. Солардың бірі – Оқушылар сарайы.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтауда Қазақстанның және әлемнің басқа да елдерінің 300-ден астам туристік бизнес өкілінің қатысуымен өтіп жатқан Туризмді дамыту жөніндегі халықаралық форумда сөз сөйледі. Ол Виза рәсімдерін жеңілдету, кәсіпкерлікті қолдауды дамыту және инфрақұрылым тарту туралы айтты. Форум қорытындысы бойынша туризм саласындағы қазақстандық және шетелдік компаниялар өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу