Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №89

2023 жылғы 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 25 қыркүйек, дүйсенбі, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей Премьер-Министрлері «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесінің экспозициясымен танысты. Әлихан Смайылов «Жаңа кезеңнің өнеркәсіптік стратегиясы» бас пленарлық сессиясында сөз сөйлеп, Қазақстанның қуатты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың қалай жүріп жатқаны туралы мәлімдеді. Көрме аясында Қазақстан мен Беларусь Үкімет басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту және бірлескен өнеркәсіп жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

  • 26 қыркүйек, сейсенбі, Үкімет отырысында Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері қаралды. Әлихан Смайылов МСАК мекемелерін нормативтерге сәйкес жабдықтауды талап етті. Сондай-ақ отырыста Қазақстандағы стихиялық қоқыстарды жою шаралары талқыланды. Премьер-Министр 1 қарашаға дейін өңірлерде коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекітуді және жыл соңына дейін рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің санын екі есе қысқартуды талап етті.

  • 27 қыркүйек, сәрсенбі, Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен «Израиль-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаэль Роэ біздің елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын басқару жөніндегі израильдік тәжірибені қолдану перспективаларын талқылады.

  • 28 қыркүйек, бейсенбі, Үкіметте Алматы облысындағы «G4 City» жобасын іске асыру барысы қаралды. Сол күні Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттары бекітілді. Әлихан Смайылов ғалымдар үшін қажетті жағдай жасап, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

  • 29 қыркүйек, жұма, Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия бірқатар ірі инвестициялық жобаны іске асыру барысын қарады. Қатысушылар «Бақты-Аягөз» теміржолы, Алматы облысындағы логистикалық хаб және «Қашаған» кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысын талқылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу