Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №89

2020 жылғы 30 қараша-6 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысты. Үкімет басшысы сауда саласындағы ынтымақтастықты сапалы күшейту, ШЫҰ аясындағы тауар айналымының көлемі мен тереңдігін арттыру үшін өзара мүмкіндіктерді зерделеу қажеттігін атап өтті.
  • Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында АӨК және жер қатынастарын цифрландыру және мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі қаралды. Бірінші мәселені қарау кезінде А. Мамин бір ай ішінде АӨК пен жер қатынастарын одан әрі цифрландырудың Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Екінші мәселені қарау аясында ҚР Премьер-Министрі ауруларды ерте анықтауға ерекше назар аудара отырып, мүгедек адамдарға оңалту көмегін күшейтуді тапсырды.
  • Жұма күні Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты. Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық одақта және одан тыс жерлерде сауданың көлемі мен тұрақтылығын арттыру қажеттігін атап өтті, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы инвестициялық қызметтің ішкі әлеуетін арттыру жөніндегі жұмысты күшейтудің маңыздылығын айтты. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу