Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95

2021 жылғы 11-17 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары 

  • 11 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі және Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің (ҚХА) мүшесі Асқар Мамин ҚХА-ның XXVIII сессиясына қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берді.
  • Сейсенбі күні, 12 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы қаралды.
  • Дәл осы күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде «Valmont Industries» америкалық компаниясының президенті Стивен Каневскимен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы келіссөз жүргізді. Келіссөз қорытындысы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, қазақстандық «Kusto Group» компаниясы және америкалық «Valmont Industries» компаниясы арасында инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.
  • 15 қаңтарда VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы ашылды. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев сессияға қатысушыларды сайлаудың аяқталуымен құттықтап, жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тіледі және өткен шақырылымдағы халық қалаулыларына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығын білдірді. 
  • Дәл осы күні ҚР Президенті Қ. Тоқаев Парламент фракцияларының жетекшілерімен кездесіп, ҚР Премьер-Министрінің лауазымына ұсынылатын кандидатураны ақылдасты.
  • ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар ҚР Премьер-Министрі лауазымына Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі қызметіне тағайындалды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу