Бақытжан Сағынтаев ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен алдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Анықтама: Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы 2008 жылдан бастап Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропаның 13 елі қатысушылары болып табылатын Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы аясындағы негізгі мақсаттар:

  • ЭЫДҰ экспорттық әлеуетін тарту арқылы ҚР экономикалық өсімін қамтамасыз ету;

  • ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын іске асыру арқылы ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • ҚР-ның ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына жақындауы және келешекте әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу