Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №81

2018 жылғы 16–21 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Өткен аптада Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Отырыс барысында қордың жаңарған даму стратегиясы мен трансформациялау бағдарламасын қабылдау мәселелері талқыланды.

Сейсенбі күні, 17 сәуірде Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында 2018 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындылары, бейресми жұмыспен қамтылған адамдарды ресмилендіру және ел экономикасына тарту жөніндегі Жол картасының іске асырылу барысы, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, өткен аптада ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Үшінші жаңғыру тұрғысынан ұлттық экономиканы дамыту мәселелері және әлемнің 30 озық дамыған елінің қатарына қосылу жөніндегі жалпыұлттық міндеттер талқыланды.

17 сәуірде Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев концерннің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің директоры Энди Браун бастаған «Роял Датч Шелл» өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Солтүстік Каспий (Қашаған) және Қарашығанақ бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Осы күні Премьер-Министр Б. Сағынтаев еліміздің отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жұма күні Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев Қазақтандағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі А. Бородавкинмен және Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Паскуале Д’Авиномен кездесу өткізді.

20 сәуірде Премьер-Министрдің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті. Отырыс барысында инвестициялық ахуалды жақсарту жəне Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту, көлік, логистика салаларындағы жаңа инновациялық жобаларға шетелдік инвестицияларды тарту мəселелері талқыланды.

Бұдан өзге, 16 және 20 сәуірде Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында шағын несие беруді көбейту және ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қолдау көрсету, соның ішінде QazaqGeography қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының «Қазақстанның сакралды географиясының инвестициялық әлеуеті. Ғарыштық мониторинг. Республиканың электронды атласын құрудың АТ және тарихи-мәдени талдауы» жобалары туралы баспасөз конференциялары өтті. Орындаушы — «Назарбаев Университеті».

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу