2 мамырда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сәрсенбі күні, 2 мамырда, 15:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

• Экспорттық саясат және экспорттаушыларды қолдау мәселелері.

• Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері.

• Транспорт пен логистиканы цифрландыру.  

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкеновтың, ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Сәбитовтың, сондай-ақ «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуат Жолдыбековтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу