19 Шілде 2018, 10:37
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Холдингтің 2017 жылға арналған жылдық есебі бекітілді, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларын іске асыру, қаржылық нәтижелер, Холдингтің есепті кезеңдегі маңызды оқиғалары және оның еншілес ұйымдарының қызметі туралы ақпараттан тұрады.
Сонымен қатар, Директорлар кеңесі «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамымен 2015–2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыруға арналған бюджеттік несиелер алуға, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау аясында автобустар, тракторлар мен комбайндардың лизингін іске асыру мақсатында мәміле жасасуды мақұлдады.
Бұдан өзге, Директорлар кеңесі Холдингтің Даму жоспарын орындау және 2017 жылдың қорытындысы бойынша жылдық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін мақұлдады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу