12 Қазан 2018, 03:00
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен 10 қазанда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты — Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында алға қойылған негізгі міндеттерді түсіндіру, сондай-ақ, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде жүзеге асырылу барысымен танысу болды.
Өңірге жұмыс сапары Семей қаласынан басталды. Мұнда Премьер-Министр қала активімен кездесіп, Президент Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.
Бақытжан Сағынтаев қаланың өнеркәсіптік нысандары — «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС және «СемАЗ» ЖШС аралағаннан кейін, отандық машина жасау саласының дамуымен танысты.
Семей қаласында салынып жатқан «Қарағайлы» шағын ауданының мысалында Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Облыстағы өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мәселесін талқылау әрі қарай Жарма ауданындағы «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС аралау мен жаңа «Қызыл» жобасының таныстырылымы кезінде жалғасты.
Б. Сағынтаев медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруда қолға алынып жатқан шаралармен Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасын аралау кезінде танысты.
Өскемен қаласының активімен және жұртшылық өкілдерімен кездесу барысында Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды.
Бақытжан Сағынтаев Өскемендегі № 46 жалпы білім беретін орта мектептің мысалында өңірдегі білім беру қызметтерін ұсыну сапасымен танысты. Мұнда Жолдау–2019-да алға қойылған міндеттерді ескере отырып, білім беру сапасын арттыру жөніндегі облыс әкімдігінің жоспарлары таныстырылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу