Бақытжан Сағынтаев ІТ - стартаптардың халықаралық технопаркін құру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО - 2017 нысандарының бірінің негізінде Астана қаласында ІТ - стартаптардың халықаралық технопаркін құру (әрі қарай - Технопарк) мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Кеңес барысында Халықаралық қаржы орталығы аясындағы Технопарк құрылымының жобасы, сондай-ақ, Жол картасына сәйкес жоспарланған шаралар, солардың ішінде: мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидасы бойынша технологиялық жобаларға инвестициялар тарту шаралары қаралды. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу