20 Тамыз 2018, 08:47
Кездесуде Мемлекет басшысына сот төрелігі органдарының биылғы жарты жылдықта атқарған қызметі мен бұған дейінгі жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Өткен 6 айдың ішінде бірінші сатыдағы соттар 1,8 миллион сот ісі мен материалдарды қарады. Бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен жоғары. Қылмыстық іс бойынша 16 302 адам сотталса, олардың 25% бас бостандығынан айырылды», — деді Жоғарғы сот төрағасы.
Жақып Асанов Нұрсұлтан Назарбаевқа экономикалық қылмыстар бойынша қамау түріндегі бұлтартпау шараларын белгілеу жағдайы 30%-ға төмендегінін мәлімдеді.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар тапсырма берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу