Үкімет отырысында 1 қарашада ҚР көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелері қарастырылады

Ертең, 1 қарашада, сағат 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде - ҚР көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар геология саласы мен жер қойнауын пайдалануды дамыту мәселелері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Сонымен бірге, отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтетінін хабарлаймыз.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу