17 қаңтарда Үкімет отырысында Алматыда өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық барысын қарастырады

Ертең, сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017ге дайындық барысы және отандық кинематографияны дамытудың басым бағыттары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Отырыс қорытындысы бойынша мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы мен мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу