Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилимен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көліктік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ туристік және ғарыш салаларында ынтымақтастықты дамыту әлеуеті мәселелері талқыланды.

Екі тарап ЭКСПО-2017 көрмесіне ерекше көңіл бөлді. Бүгін көрме аясында Грузияның ұлттық күні аталып өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу