ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президентін сайлауда дауыс берді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласында «Астана» концерт залының ғимаратындағы №138 сайлау бөлімшесінде өтті.

Айта кету керек, сайлау бөлімшесінде 2 999 сайлаушы тіркелген және ҚР Премьер-Министрі алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық парызын орындауға келді.

Сайлау бөлімшелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін жалғасады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу