24 Сәуір 2017, 12:25
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығының (ҚЕБҚ) өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстандағы инвестиция және салық ахуалын жақсарту, сонымен қатар аграрлық азық-түлік индустриясын дамыту мәселелері талқыланды.
Анықтама:
Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы (ҚЕБҚ) - еуропалық компаниялар және Еуропалық одақ делегациясының бастамасымен 1999 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым. ҚЕБҚ өз құрамына 150-ден астам компанияны біріктірді, олардың ішінде: әлемге әйгілі халықаралық, еуропалық және қазақстандық компаниялар, Еуропадағы және әлемнің басқа елдеріндегі дипломатиялық миссиялар бар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу